• Басты бет
  • /
  • Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару Президентін ұлықтаудың салтанатты рәсімі
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару Президентін ұлықтаудың салтанатты рәсімі

6 қараша күні мектебімізде жылына бір рет өткізілетін ерекше оқиға - оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті.
Мектеп директоры 10 «А» сынып оқушысы Кривошеева Софьяны жауапты лауазымға ресми кірісуімен құттықтады. Анар Алибаевна жаңадан сайланған президентке қолдау сөздерін айтып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жаңа мүшелерінің құрамына алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Мектеп оқушыларының алдында мектеп Президенті салтанатты түрде ант берді.Және де оған бүкіл мектептің көрсеткен жоғары сенімі үшін алғыс айтты.
Біз мектебіміздің жаңа Президентіне сенеміз және жаңа идеялар мен жобалардың жүзеге асырылуын қолдауға дайынбыз!